Синоптиктер 16 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
«Қазгидромет» РМК Қазақстандағы 16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың солтүстік жартысында – қар, оңтүстік жартысында – жаңбыр, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр, қар жауады. Сондай-ақ Қазақстанда жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республиканың оңтүстігінде – найзағай ойнайды. «Қазгидромет» РМК

Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында тұман күтіледі, күндіз найзағай ойнайды, батыста және таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, Жамбылдың таулы аймақтарында тұман күтіледі – жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.

Ақтөбенің солтүстігінде, батысында, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жел күшейіп, боран соғады, Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз солтүстікте – бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстік-шығысында бұрқасын, қара көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыс орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады.

Ақмоланың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жолдарда бұрқасын, түнде солтүстік пен шығыста тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз