Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы әуежайында Моңғолияның «Хунну эйр» әуе компаниясының Алматы – Ұлан-Батыр бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д. Баярхуу, Моңғолия Азаматтық авиация бас басқармасының әуе көлігін реттеу және саясат департаментінің директоры Г. Батбаяр, Моңғолия Азаматтық авиация департаментінің Аэронавигация және әуежай бөлімінің директоры Ч. Одгэрэл, «Хунну эйр» әуе компаниясы директоры П. Монхжаргал, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы қатысты.

Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр бағытындағы рейстер аптасына бір рет, сәрсенбі күндері 98 орындық Е-190 әуе кемесімен орындалады. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің айтуынша, рейстердің ашылуы екі ел азаматтарына Қазақстан мен Моңғолия арасында кедергісіз саяхаттауға, сондай-ақ сауда-экономикалық, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі