Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі
Фото: Zakon.kz/Ксения Калашникова
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің 2026 жылғы 7, 8 және 9 қарашаға арналған болжамына сәйкес, осы күндері ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың хабарлауынша, бұған бірнеше циклонның бірінен кейін бірі өтуі себеп болады.
"Болжамды кезеңнің басында солтүстік өңірлерге солтүстік циклонның ойпаңы әсер етеді. Ал 8 қарашадан бастап ел аумағы арқылы оңтүстік циклон жылжи бастайды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Ал оңтүстік өңірлерде негізінен жаңбыр жауады.
8 қарашада батыс облыстарда қатты жаңбыр жауады. Ал 9 қарашада елдің солтүстік-батысы мен батысында жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын түседі. Бұл күні оңтүстік өңірлерде де қатты жаңбыр күтіледі.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді.
"Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ел өңірлеріндегі ауа температурасы мынадай болады:
- Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы -3...+5°C-тан -8...+3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +5...+15°C-тан +2...+10°C-қа дейін суытады.
- Солтүстік-батыста түнгі температура -1...-8°C-тан -6...+3°C-қа дейін сәл жоғарылайды. Ал күндіз +2...+10°C-тан -3...+5°C-қа дейін төмендейді.
- Шығыс Қазақстанда күн жылынады. Түнде ауа температурасы -9...+2°C-тан -5...+8°C-қа дейін, күндіз +2...+12°C-тан +9...+17°C-қа дейін көтеріледі.
- Оңтүстікте түнгі температура -2...+6°C-тан +7...+17°C-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы +10...+23°C және +18...+27°C аралығында болады.
- Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы +10°C-тан (таулы аудандарда -3...-8°C-қа дейін) +7...+15°C-қа дейін (таулы аймақтарда +5°C) көтеріледі. Күндіз +15...+25°C, таулы аудандарда +10...+15°C болады. Кезең соңында ауа температурасы +17...+25°C-қа дейін, таулы аймақтарда +10...+15°C-қа дейін жетеді.
"Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді", – деп түйіндеді "Қазгидромет" РМК.
Айта кетейік, 6 қарашада Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланғанын мына сілтемеден білуге болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript