QAZAQ AIR Ақтөбеге рейстерін тоқтатты

Сурет: Zakon.kz
QAZAQ AIR 17 наурыздан 23 наурызға дейін Ақтөбеге рейстерін тоқтатты. Әуе компаниясының мәліметінше, бұл әуежайдың жабылуымен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқтатылған рейстер:

Нұр-Сұлтан – Ақтөбе – Нұр-Сұлтан

Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе

Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе

Ақтөбе – Түркістан – Ақтөбе

Әуе компаниясы жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылатынын атап өтті. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады.

16 наурызда Air Astana әуежайының жабылуына байланысты 17 наурыз бен 17 сәуір аралығында Ақтөбеге ұшатын барлық рейстерді тоқтатқаны белгілі болды.

11 наурызда Ақтөбе әуежайындағы ұшу-қону жолағының жұмысы тоқтатылғаны белгілі болды.

Келесі күні облыс әкімдігі әуежайдың уақытша түнде ғана жұмыс істейтінін түсіндірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды