Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, қазір ұйымдастыру шаралары жүргізілуде, іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Елбасы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін нақты мақсат қойды. Құрылған облыстардың өкілдері Ұлттық экономика министрлігінде орналасқан. Олардың топтары біздің топтармен жұмыс істеуде, біз қазір аумақтық бөлу мәселелерін шешіп жатырмыз. Мұның барлығы әрі қарай талқыланып, тиісті президент жарлығы дайындалады. Негізгі инвестициялық пункттерді бірінші жартыжылдықтың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Әлібек Қуантыров
Журналистер министрден бұл жаңа өңірлер 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына қарай құрылады дегенді білдіре ме деген сұраққа министр: «Жалпы, иә» деп жауап берді.
Өңірлерді қайта құруға ақша республикалық бюджеттен бөлінеді.
Қазір ақша есептелуде. Бұл үшін бізде барлық резерв бар. Қолда бар бюджет шегінде ұстауға тырысамыз. Бірақ қажет болса, қосымша ақша бөлеміз, өйткені жаңа әкімшілік бірліктер, жаңа әкімдіктер, аудандар құрылады. Кадрлар қайта бөлінетін болады. Қаржыландыру республикалық бюджеттен болады. Әлібек Қуантыров
16 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанда үш жаңа облыс – Абай, Ұлытау және Жетісу пайда болатынын мәлімдеді.