Алматыда арық желілері қалай тазартылып жатыр

Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы аудандары әкімдіктерінің мердігерлік кәсіпорындары арық желілері мен арық өткелдерін тазалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы телеарнасының мәліметінше, қалада арық желілерінен 4,5 тонна қоқыс пен тұнба шығарылды.

«Су басудың алдын алу және жою үшін аудан әкімдіктерінің 650 жол жұмысшысы, 266 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды, 2000 құм салынған қап дайындалды. Жұмыс нәтижесінде 4,5 тонна қоқыс пен тұнба шығарылды», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Наурыз айында басталған жаңбыр кезінде кездейсоқ тұрмыстық қоқыстардың жиналуына, өткізу қабілетінің төмендігіне, диаметрлерінің аздығына және жолдардың жүру бөлігі астындағы жерасты арық өткелдерінің ақауларына, жол төсемінің опырылуына, сондай-ақ қарама-қарсы еңістер мен тұйық арық желілеріне байланысты арықтардан нөсер суының құйылу жағдайлары тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы