Владимир Жириновский қайтыс болды

Сурет: duma.gov.ru
COVID-19 дертіне шалдыққан ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейдің Либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Мәскеудегі емханалардың бірінде қайтыс болды, деп хабарлады Мемлекеттік Думаның спикері Володин.

Саясаткер оны таныған барлық жан мен жақындарына қаза орны толмас дүние екенін жазды. Ол туралы жарқын естеліктер әрқашан жүректе қалатынын жеткізді.

Ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды. Жарқын, талантты саясаткер. Дүниенің қалай жұмыс істейтінін терең түсінген, көп нәрсені болжай білген адам. Мемлекеттік Думадағы ЛДПР фракциясының жетекшісі. Ол үнемі қалың істердің ортасында жүретін. Оның тұлғасы соншалықты ауқымды, онсыз қазіргі Ресейдің саяси жүйесінің даму тарихын елестету қиын. Оның белсенділігіне берілген ең жақсы баға – сайлаушылардың тұрақты қолдауы, деп жазды Вячеслав Володин.

Саясаткер 75 жаста еді.

Жириновский 2 ақпанда COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылды, содан бері ол ауруханада жатқан.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды