Алматы облысында жоғалған әйелдің денесі табылды

Сурет: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері Алматы облысында жоғалған 25 жастағы әйелдің денесін тауып, күдіктіні ұстады деп хабарлады Zakon.kz.

turkystan.kz таратқан ақпаратқа сай, қайғылы оқиға Алматы облысының Ақшатоған ауылында болған. 7 наурызда 25 жастағы әйел із-түссіз жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы арыз 9 наурызда аудандық полицияға келіп түскен. Бірақ іздеуден нәтиже болмаған.

24 наурызда оның бұрынғы күйеуі кісі өлтірді деген күдікпен жауапқа алдынып, кейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, ер адам бұрынғы әйелін қызғаныш салдарынан тұншықтырып өлтірген. Оның денесі ауыл шетінен табылды.

Күдікті әйелімен ажырасып, Талдықорғанда тұрған. Олардың ортақ баласы бар, сондықтан күдікті арасында баласын көруге келіп жүргенін айтқан. 7 наурыз күні ол кездесуге мас күйінде келіп бұрынғы әйелімен жанжалдасқан. Мұның соңы кісі өлтірумен аяқталды.

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды