Алматы полициясы тәртіп бұзған такси жүргізушілерін «Сергек» арқылы анықтайды

Сурет: Zakon.kz.
Алматы қалалық ІІД бастығы Қанат Таймерденов енді жол ережесін бұзған такси жүргізушілері Сергек камерасы арқылы анықталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас қала полициясының жол қозғалысына қатысушыларға үндеуі Facebook парақшасында жарияланған.

Оның айтуынша, қаладан шығатын негізгі топтарда жол-көлік жағдайы қиын.

Өз кезегінде Алматы қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек қаладан шығатын негізгі топтарға «Сергек» камераларын эксперименттік түрде орнату ұсынылып отырғанын атап өтті.

Кейбір азаматтар такси қызметін көрсететін өтіп бара жатқан көліктерді тоқтату мақсатында жол бойында қол созып, өз әрекеттерімен жол бөлігін жасанды тарылтып, көлік кептелісі мен төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырады, сол арқылы өздерінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз “Сергек” камераларын қаладан шығатын негізгі жолдарға эксперименталды түрде орнатуды ұсындық: Төле би даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Бұл ретте Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушылардың барлығына (жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де) жол қозғалысы ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін сұрайды.

Наурыздың басында Алматыдағы Райымбек даңғылында тағы бір тәжірибе туралы хабарланды.

Енді Райымбек даңғылының бойымен «Ақкент» тұрғын үй кешенінің батысындағы кері көпірден «Сайын-Райымбек» жол қиылысына дейін, кептеліс уақытында автобустар арнайы белгіленген жолақпен жүреді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды