Ұйымдасқан қылмыстық топтан автомат пен жарылғыш заттар тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері, ҰҚК және Бас прокуратура арнайы операция жүргізіп, Алматы қаласы мен Алматы облысында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлады. Ұсталғандардың бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны атап өтілген.

Арнайы операцияның қорытындысы бойынша екі Калашников автоматы, аңшы мылтықтарының бес кесілген шолақ мылтығы, екі жауынгерлік тапанша, Калашников пневматикалық автоматы, F-1 қол қорғаныс гранатасы, екі оқ өтпейтін кеудеше, аңшы пышағы. Ұсталғандардан 350-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрілер, сондай-ақ 5,7 мың доллар және 107 мың теңге тәркіленді. ҚР ІІМ

Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасалған қылмыстарға қатыстығы тексерілуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да мүшелерін анықтау және ұстау жұмыстары жалғасуда. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Сурет: ҚР ІІМ

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды