Атырауда үйінің шатырында сора өсірген күдікті анықталды

Сурет: Zakon.kz
17 ​наурыз күні Атырау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері тиым салынған есірткі өсімдігін сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
49 жастағы азамат өзінің үйінің шатырында сора өсімдігін сақтаумен айналысқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың салмағы 1 келі 100 грамды құрады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы​ Нұрхат Оразбаев.

Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 49 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз