Головкин мен Муратаның жекпе-жегін ұйымдастыруға 7 миллиард теңге жұмсалған

Сурет: Instagram/gggboxing
31 наурыз күні кешке орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Токиоға ұшып кетті, ол WBA Super титулының иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) 9 сәуір біріккен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайдыZakon.kz.

GGG командасы Токио халықаралық әуежайына 25 адамнан тұратын чартерлік рейспен келді, деп хабарлайды daily.co.jp. Әуежайда соншалықты шу болмаса да, атақты боксшыны байқаған жұрт оған қол соқты. Шығуда қазақстандықтық боксшыны жапондық БАҚ өкілдері мен жергілікті жанкүйерлер күтіп алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, GGG - Мурата жекпе-жегі жапон боксы тарихындағы ең жоғары бюджетті жоба болып табылады. Оны жүзеге асыруға 2 млрд иен (7 526 880 000 теңге) жұмсалды. Жекпе-жекті ұйымдастырушы Акихико Хонданың айтуынша, Головкиннің командасы үшін Токиодағы люкс қонақүйіндегі бүкіл бір қабат брондалған. Онда спортшының тобы карантинде болады.

Мен өзімді өте жақсы, әрі бақытты сезінемін. Ақыры Жапонияға келіп, жеңілдеп қалдым. Ал Муратаға келер болсақ, ол чемпион және тамаша күрескер, ақылды және қауіпті қарсылас. Сіз өзіңіз қалаған керемет және ерекше боксты көргеніңізді қалаймын. Геннадий Головкин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы