Ер адам подъезден темір есікті ұрлап кетті

Сурет: pixabay
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы адам хабарласқан. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу үйіне қоймақшы болған темір есігін ұрлап кеткені туралы арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер анықтағандай, қылмыс болған күннен бір күн бұрын азаматша үйіне орнату үшін темір есік сатып алып, уақытша өзі тұратын көп қабатты үйдің дәлізіне қойып қойған.

Алайда оны белгісіз біреу қолды қылған. Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 15 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

29 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы ер адам ұсталды.

Ұсталған азамат ұрланған темір есікті өз үйіне орнатып қойғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты