Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс ведомствосының комиссиясы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қарағанды және Приозерск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерді аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскердің жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру, сондай-ақ оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының Қарулы күштерде іске асырылу барысын басты назарға алды.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, «Жаңа Қазақстан» идеясы аясында Қарулы күштер де жаңару мен жаңғырту жүргізіледі.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Шайх-Хасан Жазықбаев пен әскери бөлімдердің командирлері мақсат-міндеттері, жауынгерлік мүмкіндіктері, істердің ағымдағы жай-күйі және орын алып отырған проблемалық мәселелер туралы баяндады.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс ведомствосының комиссиясы әскери инфрақұрылымның, әскери техниканың, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтаудың, әскери объектілердің өртке және диверсияға қарсы қауіпсіздігінің жай-күйін тексерді.

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Жұмыс сапарының нәтижесі бойынша министр жауынгерлік даярлық пен жалпы қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіруге, бөлімшелердің жауынгерлік қабілетін арттыруға, оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтауды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты