Алматы әкімі дәрігер Юрий Шумковтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Сурет: instagram/gastro.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев дәрігер Юрий Шумковтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Дәрігерді 4 сәуір күні аңшы мылтығынан атып өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерболат Досаев «бұл отбасы мен еліміздің бүкіл медицина қауымы үшін үлкен қайғы», - деп атап өтті.

Атақты гастроэнтеролог Юрий Шумковтың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Біз отбасылық дәстүрді жалғастырып, 20 жылдан астам өмірін қоғамға қызмет етуге арнаған – адам өмірін сақтап қалу үшін бар күші мен білімін берген тамаша дәрігерден айырылдық. Жарқын бейнесі мәңгі есімізде! – деді Алматы әкімі.

Дәрігерді өлтіру оқиғасы 4 сәуір күні таңертең Бостандық ауданында орын алды. Қалада «Ұстау» жоспары жарияланып, полицейлер күдіктіні Алатау ауданы аумағында қолға түсірді.

Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір кісі өлтіру себебі анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады