Чатта жаман сөздер айтқан: Павлодар облысында ер адам қамауға алынды

Сурет: unsplash
Успен аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-баптың 1-бөліміне сәйкес ер адамға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz таратқан ақпаратқа сай, азамат 2022 жылдың 2 сәуірінде Успен ауылындағы 245 қатысушысы бар WhatsApp мессенджерлік топтарының біріндегі хабарландыруларды оқып, әдепсіз сөздері бар бірнеше дыбыстық жазбаларды жіберген.

Ол осы топқа қатысушыларға қатысты адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер айтқан. Осылайша ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, - деп жазылған облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Успен аудандық сотының қаулысымен ер адам ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды