Сенаторлар БҰҰ-ның халықаралық бейбіт келісімдері туралы Конвенцияны ратификациялады

Сурет: ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметі
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл Конвенция халықаралық коммерциялық келісімдерді сақтау кепілдіктерін күшейтуге арналған. Сондай-ақ оның ұлттық заңнамасына сәйкес басқа юрисдикцияда медиация арқылы қол жеткізілген келісімдерді тану мен орындаудың қолжетімді жүйесін құруды көздейді.

«Конвенция оған мүше мемлекеттерде коммерциялық даулар кезінде медиация арқылы қол жеткізілген келісімдерді орындау үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Қазіргі таңда медиация коммерциялық дауларды реттеудің баламалы және тиімді құралы болып отыр. Соған сәйкес осы Конвенция бизнеске және инвесторларға медиациялық келісімдердің өзге мемлекеттерде орындалуына қосымша кепілдік береді», – деді Мәулен Әшімбаев өз пікірінде.

Сонымен қатар отырыс барысында сенаторлар депутаттық сауалдарын да жолдады.

Нұрлан Бекенов мемлекеттің сыртқы қарыздарының өсуіне және олардың тиімсіз пайдаланылуына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Ольга Булавкина Үкіметті Шығыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын қайта қалпына келтіру мерзімін жеделдетуге шақырды.

Жол мәселесіне назар аударған Нариман Төреғалиев те Батыс Қазақстан облысындағы жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтты.

Сергей Ершов еліміздегі көктемгі су тасқынына байланысты туындаған проблемаларды көтерді.

Ал, Андрей Лукин лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарастыруды сұрады. Сенатордың айтуынша, олардың кесірінен бизнеске қарсы 8745 әкімшілік іс заңсыз қозғалған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік