Министрлер мен әкімдердің халықпен кездесулері: Тоқаев қаулыға қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік басшылары мен әкімдердің халықпен кездесуін реттейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлықтың мәтіні Ақорда сайтында жарияланған.

Министрліктің халықпен кездесулері

1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізсін.

2. Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерінің кестесін (бұдан әрі – кесте) қалыптастыру мен бекітудің мынадай тәртібі белгіленсін:

1) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін орталық атқарушы органдар алдағы күнтізбелік жылға арналған кестені қалыптастыру үшін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жіберсін;

2) жыл сайын 15 желтоқсанға дейін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган кестенің жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізсін;

3) жыл сайын 10 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кестені бекітсін.

3. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары:

1) қандай да бір өңірде жетекшілік ететін салада жағдайдың нашарлау тәуекелдері болжанған не туындаған жағдайда, халықпен кестеден тыс кездесу өткізсін;

2) техникалық мүмкіндіктерді ескеріп, халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіру мүмкіндігін міндетті түрде бере отырып, онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру арқылы кездесулер өткізуді қамтамасыз етсін;

3) кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспайтын бөлігін – баяндаманы таныстырып, уақыттың қалған бөлігін «сұрақ-жауап» форматында өткізсін;

4) кездесулер өткізудің барлық кезеңінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органмен тұрақты ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;

5) халықпен кездесу өткізгенге дейін:

халықтың пікірін ескере отырып, оны өткізу күні мен уақытын айқындауды;

ресми интернет-ресурстарға, орталық атқарушы органдар басшыларының блог-платформасына, коммуникацияның басқа да нысандарына және әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша халықтан келіп түскен сұрау салулар мен ұсыныстарды жинауды, талдауды қамтамасыз етсін;

6) халықпен кездесу өткізу шеңберінде:

азаматтарға жеке қабылдау жүргізуді;

коммерциялық емес ұйымдармен кездесулерді;

бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингті қамтамасыз етсін;

7) халықпен кездесу өткізгеннен кейін:

айтылған барлық проблемалық мәселелерді жүйелеуді;

кездесулер мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, өткізілген кездесулердің қорытындылары туралы ақпаратты, проблемалық мәселелердің тізбесін, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда орналастыруды;

кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орталық атқарушы органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Барлық деңгейдегі әкімдер:

1) орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулеріне қатыссын;

2) кездесулер өткізуді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әкімдіктердің (әкім аппараттарының) ресми аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және жалпыға бірдей қолжетімді жерлерде ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыруда орталық атқарушы органдарға қолдау көрсетсін;

3) әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша өңірдің орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешуді талап ететін жүйелі проблемаларын жинақтап-қорытсын және кездесулер өткізу кезінде есепке алу үшін жарты жылда бір рет құзыреті бойынша орталық атқарушы органдарға жіберсін.

Әкімдердің халықпен кездесулері

1) республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында кездесулер өткізілетінін хабарлауды және олардың өткізілу барысы мен нәтижелерін кеңінен ақпараттық жария етуді;

2) орталық атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау шеңберінде кездесулер өткізу нәтижелерін есепке алуды;

3) халықпен кездесулер өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітуді және орталық атқарушы органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) кездесулер өткізудің қорытындыларын жартыжылдық негізде қарасын;

2) әлеуметтік шиеленістің және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануының жоғары тәуекелдері болған жағдайда, орталық атқарушы органдардың кездесулеріне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарларының қатысуын қамтамасыз етсін;

3) орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары орынбасарларының және ведомстволары төрағаларының халықпен тұрақты кездесулер өткізуін қамтамасыз етсін;

4) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

8. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: