Қазақстанның бұрынғы білім министрі Шәмша Беркімбаева 79 жасында қайтыс болды. Қаралы хабармен білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісінде бөлісті.
Аймағамбетов Шәмша Беркімбаеваның Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуына зор үлес қосқанын атап өтті.
Шәмша Көпбайқызы ауыл мектептерін дамытуға, дарынды балаларды қолдауға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді. Жұмыс кездесулерінде Шәмша Көпбайқызы үнемі менімен тәжірибесімен бөлісіп, кеңестерін айтып, біздің саладағы жаңалықтарды қадағалап отырды. Асхат Аймағамбетов
Шәмша Беркімбаева еңбек жолын ауыл мұғалімі болып бастаған. Осы жылдары мектеп директоры, Алматы облысы КП БК хатшысы, Білім министрінің орынбасары, Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Алматы облысының білім басқармасының бастығы, сонымен қатар аудандық білім басқармасының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты болды.
2003-2011 жылдар аралығында қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры болды.