Павлодарда бірінші сынып оқушысы мектепте марганцовкаға уланып қалды

Сурет: ogorodniki.com
Наурызда Павлодардағы мектептердің бірінде қараусыз қалған 1-сынып оқушысы шкафты ашып, ол жерден калий перманганаты бөтелкесін тауып алып, аузына сепкен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бала ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер оқиғадан бірнеше күн бұрын осы сыныптың мұғалімі басқа оқушының аяғы мен қолындағы жараларды емдеу үшін мектептің медицина қызметкерінен калий перманганатын алғанын анықтады. Содан кейін ол таңертең медбикеге беремін деп, асықпай марганцовканың бөтелкесін жұмыс үстелінің шкафына қойған. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды