Наурыз айында орташа жалақы 275 438 теңгеге дейін өсті

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 438 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы, БНС деректері бойынша 2022 жылғы ақпанда 143 246 теңгені (алдын ала мәліметтер) құрады, бұл 2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда 17,3%-ға жоғары, көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай кірістер 7,9%-ға өсті.

2022 жылғы наурызда жұмыссыздар 457,4 мың адамды құрады.

Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны наурыз айының соңында 175 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,9%-ын құрады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады