Қазақстандықтар жиі үйленіп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Өткен жылы некеге тұрған қазақстандықтардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өсті. 2021 жылы 140,3 мың жұп ресми тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп некеге тұрғандар Нұр-Сұлтан (1000 адамға 10,10), Алматы (1000 адамға 9,40) және Атырау облысының (1000 адамға 7,86) тұрғындары.

Некенің ең аз саны Қостанай облысында (1000 адамға 6,24) тіркелді.

Ерлер арасында бірінші некеге тұрудың орташа жасы – 27,9 жас, әйелдер арасында – 25,2 жас. Сонымен қатар, 2021 жылы 25,2 мың ер адам екінші мәрте отбасын құруға шешім қабылдап, 22,4 мың әйел қайта тұрмысқа шыққан.

Өткен жылы шілде, тамыз және қыркүйек айларымен қатар, некені тіркеудің ең танымал айы наурыз болды. Ол айда12 мыңнан астам неке қиылды.

Бұл ретте қала тұрғындары жиі некеге тұрады. Шамамен некелердің 70,9%-ына жуық.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды