Қазақстанда бір әскери шеру өткізуге қанша қаражат жұмсалады

Сурет: akorda.kz
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанда бір әскери шеру өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бір парад өткізуге орташа есеппен 4 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады, – деді Руслан Жақсылықов мәжіліс кулуарында.

Журналистер Қорғаныс министрлігі басшысына «Бюджеттен мұнша көп қаржы жұмсамас үшін шеруді неғұрлым қарапайым өткізуге болмай ма?» деп сұрады.

Неғұрлым қарапайым дегеніңіз – шеруге әндетіп шығу ғана ма? Руслан Жақсылықов

2022 жылы Қазақстанда әскери парад өтпейтін болды. Бұған дейін Руслан Жақсылықов неліктен мұндай шешім қабылданғанын айтқан болатын.

Кейінірек ведомство басшысы бұл уақытша екенін, алдағы уақытта шеру өтетінін айтты.

Парад патриоттық сезімнің бір көрінісі екенін түсінесіздер. Падемия болғанын білесіздер, шеруге қажеттілік болған жоқ. Қазір біз жауынгерлік әзірлікті арттырумен айналысып жатырмыз. Келер жылы экономикалық жағдай тұрақталар болса, шеру өткіземіз. Руслан Жақсылықов
Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды