Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне 30 жыл

Сурет: akorda.kz
2022 жылдың 21 сәуірінде арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің құрылғанына 30 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі Жарлығымен Президент Күзет қызметі мен Республикалық ұланның қосылуы нәтижесінде құрылды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін, Республиканың ұлттық қауіпсіздік органдарына жататын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Ол ел Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұланның функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет шараларын жүзеге асырады.

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының және шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттерін орындаумен қатар, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін шешуге де қатысады. Сонымен қатар, Қызмет қызметкерлері салтанатты іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзінің материалдық-техникалық базасы, кәсіби кадрлары және оларды даярлаудың бірегей жүйесі бар. Оның құрылымы мен штат санын тікелей мемлекет басшысы бекітеді.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекеттік күзет қызметін Сәкен Исабеков басқарды.

Мерейтойлық мерекеге орай Президент телерадиокешенінде Қызметтің қызметіне арналған деректі фильм дайындалып, ол барлық республикалық телеарналардан көрсетілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты