Есірткі сақтаған шымкенттік ер адам үш жылға сотталды

Сурет: polisia.kz
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 33 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас, өзіне тән иісі бар бес полиэтилен пакетіне оралған өсімдік табылып, айғақты зат ретінде тәркіленді.

Бұдан өзге, 20 полиэтилен пакетіне оралған өсімдікті жасырған жерінен алмақшы болғаны анықталды.

Дәлелдеме ретінде сотқа есірткіні жасыру орындары көрсетілген геобелгілері бар ұялы телефондар ұсынылды.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Ол есірткі заттарын Telegram мобильді қосымшасы арқылы сатып алып, жеке пайдалану үшін сақтағанын айтқан.

Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты