Ақмолалық әйел тауып алған “гранатаны” полицияға тапсырды

Сурет: polisia.kz
28 сәуірде тұрғындардан тіркелмеген қару, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция шеңберінде Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өз еркімен ойық қарудың 8 патронын және гранатаға ұқсас затты тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмолалық әйелдің сөздері бойынша, ол “гранатаны” топырақ өңдеу кезінде өзінің жер учаскесінен тауып алған.

Акция туралы естіген азаматша табылған затты полицияға тапсырды. Қазіргі уақытта бұл зат тиісті сараптамаға жіберілді.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғындардан тіркелмеген қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кең ауқымды акция Ақмола облысында 25 сәуірде басталды.

Акция аясында ақмолалықтар полицияға 3,6 млн теңгеге 62 қару тапсырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты