Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту: қалаға кіре берісте белгілер орнатылды

Сурет: Zakon.kz/Байбол Болат
3 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Жергілікті билік қалаға кіре беріске жаңа белгілер орнатып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz оқырмандары редакцияға Қонаевтың кіреберісіне орнатылған белгінің суретін жолдады. Сурет 4 мамыр күні таңертең түсірілген.

3 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы жақын арада Алматы облысының орталығына айналуы тиіс Қапшағай қаласының атауын өзгерту бастамасын қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

24 наурызда қалалық мәслихат қала атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Оны ономастикалық комиссия бекітті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты