Тоқаев Қапшағай қаласын Қонаев деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген Ақордадағы хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан халқына жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгерту туралы ұсынысқа қарсы емес екенін айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript