Шымкент тұрғынынан 22 келі марихуана тәркіленді

Сурет: polisia.kz
Шымкент полицейлері есірткіні заңсыз сақтады және сатты деген күдікпен қала тұрғынын “Алаш” базарында ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеке тінту кезінде күдіктіден аяқ киім қорабына салынған бір келі марихуана тәркіленді.

Сондай-ақ, оның пәтерін тінту кезінде балконнан дозаларға бөлек-бөлек салынған екі полиэтилен пакеттегі марихуана табылды.

Жатын бөлмеден сол есірткі заты бар екі жол сөмкесі алынды.

Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы шамамен 22 келіні құрады.

Ұсталған азамат Шымкент қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды