Ұлытау өңірінің халқы жаңа облыстың құрылуын қолдайды

Сурет: Ғазиз Ештанаевтың жеке мұрағаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жезқазған облысы жабылып, Қарағанды облысының құрамына енген жылдың ескі жұртта қалдырғандай күй кешкізгенін ұмытқан жоқпыз. Өзімізді өзіміз жұбатып, «көп ұзамас, Қарағандының жай-күйі жақсарған соң Жезқазған облысы қайта ашылар» деп үміттенгеніміз де рас. Осылай дегенде: «Қайдағы жоқты айтады екенсің. Жезқазғанның қайта облыс болуы екіталай» деп төбемізден қойып қалғандай әсер қалдырған пікірлерді де естігенбіз. Содан бері 25 жыл өтіпті. Ғазиз Ештанаев, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы

ҚР-ның Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Ұлытау-2019» халықаралық этнофорумында айтқан Ұлытаудың тарихи орны туралы пікірі, бұл аймақты халықаралық туризм орталығы ету керек деген мазмұндағы сөзі мен «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін салуға тапсырма беріп, оның ашылуына Мемлекет басшысының өзінің келуі, халықтың көңілін көтеріп, құптарлық жағдай болды.

Иә, жиырма бес жыл күткен қуанышымызға жеттік. Осы жылдың 16 наурызындағы Жолдауында Ұлытау өңірі, Абай ауылы, Жетісу өңірі жұртының бөркін аспанға атқызған жақсылық хабар жария етілді. Бүгін Президенттің жаңа облыстарды ашу туралы құзырлы Жарлығы шықты. Қуаныш құтты болсын. Бұл шешім – қазақтың киелі өңірлеріне деген тағзым, еліне деген құрмет. Ұлытау атын иеленген облысымыз өркендеп, жағалай жұрт сүйсінетін облысқа айналып, алдағы күндерде оның аумағы да ұлғайып, өркендеп, өрісін ұлғайтатын ұлық күнге жетейік. Ғазиз Ештанаев, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі