Павлодарда жанжал кезінде ер адам әйеліне 28 рет пышақ сұққан

Сурет: pixabay
Ерекше қатыгездікпен әйелін өлтірген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды. Әйел қылмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыпталушы мен оның жұбайының арасында ажырасу рәсіміне байланысты жанжал туындаған. Пәтерде ер адам әйеліне 28 рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан келіншек қылмыс орнында қайтыс болды.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін үкім шығарды. Кінәсі куәлардың, жәбірленушілердің айғақтарының арқасында, сараптамалардың және басқа да дәлелдемелердің көмегімен дәлелденді.

Павлодар қалалық сотында хабарланғандай, прокурор сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушы мен оның қорғаушысы «ерекше қатыгездік» белгісін алып тастауды және әрекеттерді Қылмыстық кодекстің 99 баптың 1-бөлігіне қайта саралауды сұрады. Яғни жазаның ең төменгі мөлшерін тағайындау.

Жәбірленушілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ талаптарды толық қанағаттандыруды сұрады.

Жәбірленушілер мұндай қылмыс үшін заң бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделгендіктен, ер адамды ұзақ мерзімге соттауды, сондай-ақ талаптарды толығымен қанағаттандыруды талап етті.

Жеңілдететін мән-жайларды, асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын, кінәсін ішінара мойындап, сот ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды. Павлодар облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Нәтижесінде жәбірленушілердің талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды