Жеңістің 77 жылдығына орай Алматының ардагерлеріне 1 млн теңгеден берілді

Сурет: pixabay
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар Жеңіс күніне орай төлем алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай қаланың барлық ардагерлері 1 млн теңге көлемінде бір реттік төлем алды. Бүгінде Алматыда 75 ардагер (ҰОС) тұрып жатыр.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1592 тұрғынға және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының 2870 ардагеріне 100 мың теңге мөлшерінде бірреттік материалдық көмек көрсетілді.

Жеңіс күніне орай төлем алушылар тізіміне соғыс кезінде тылдағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған 9370 тыл еңбеккері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 455 жесірі кірді. Олар үшін бірреттік материалдық көмек мөлшері 50 мың теңгені құрады.

Жеңіс күніне орай материалдық көмек Алматы қаласының әкімдігі бекіткен тізімдер бойынша өтініштер талап етілмей төленді. Барлық төлемдерді 14 362 адам алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін