Қазақстандықтар Ресейге ақшаны сирек жіберетін болған – зерттеу

Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы қаңтар-наурыз айларында қазақстандықтар шетелге 189,5 млрд теңге жөнелтті. Сарапшылардың мәліметі бойынша, Ресейге небәрі 28,5 млрд теңге аударылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, қаражаттың жартысына жуығы екі елге ғана жіберілген: Түркия (52,3 млрд теңге) және Өзбекстан (38,6 млрд теңге).

Үздік үштікті Қырғызстан аяқтап тұр: қырғыз еліне Қазақстаннан жалпы сомасы 33,2 млрд теңге жөнелтілген.

Айта кетерлігі, Ресей төртінші орынға жайғасты: қаңтар-наурызда бұл елге қазақстандықтар 28,5 млрд теңге аударған.

Зерттеушілер 2021 жылы Ресей тізімде екінші орын алғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынан аударылған қаражат бойынша да көп жылдар бойы көшбасшы болды.

Өткен жылы Қазақстаннан Ресейге аударым көлемі бірден 36,2%-ға, 2021 жылы 1,3%-ға қысқарды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сарапшылардың бағалауынша, аударылған қаражат көлемі бойынша Грузия бесінші орынға шықты: 13,3 млрд теңге. Бұл бір жыл бұрынғыдан 4,3 есеге артық.

Қазақстан
Қырғызстан
Ресей
Түркия
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды