Ақтоты Райымқұлова Ұлттық музей басшылығына қатысты тараған пікірін жоққа шығарды

Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі өз атын жамылып, ҚР Ұлттық музейінің басшылығына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмысы туралы интернет желісінде, әлеуметтік желілерде тараған пікірлердің жалған екенін мәлемдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық музейінің басшылығына қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмысы туралы ақпаратқа байланысты интернет желісінде, әлеуметтік желілерде белгісіз азаматтар менің атымнан пікірлер қалдырғаны мәлім болды. Интернеттегі бұл пікірлер мен ақпаратқа ешқандай қатысым жоқ екенін ресми түрде мәлімдегім келеді.Ақтоты Райымқұлова

Райымқұлова бұл жағдай өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін айта келіп, авторды анықтау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті құқық қорғау органдарына тиісті өтінім жолданғанын атап өтті.

Қазақстан
Райымқұлова Ақтоты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады