Щучинсктегі базарды 100-ге жуық өрт сөндіруші жұмылып ауыздықтады

Сурет: Zakon.kz
Өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол вахташы болып жұмыс істеген. Марқұмның жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 мамыр күні сағат 04:50-де Ақмола облысының Щучинск қаласында «Жомарт» базарының бір қабатты жеке тұрғын үйінде өрт шықты. Өртті сөндіруге 97 өрт сөндіруші жіберілді, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт 1700 шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың жалпы ауданы 3000 шаршы метрді құрайды.

Өрт сөндірушілер 45 минут ішінде өртті ауыздықтап, екі сағат ішінде тілсіз жауды толықтай сөндірді.

Өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол вахташы болып жұмыс істеген. Марқұмның жеке басы анықталуда.

Өрт орнында сынақ өрт-техникалық зертханасы мен полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз