Отбасы тас жолда апатқа ұшырады - анасы мен қызы қайтыс болды

Сурет: Ақтөбе облысының ПД
Ақтөбе - Астрахань тас жолында Renault Duster жүк көлігімен соқтығысты. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 мамыр күні сағат 00.10 шамасында 40 жастағы Байғанин ауданының тұрғыны отбасымен бірге Renault Duster көлігімен келе жатып, Ақтөбе-Астрахань тас жолының 248 шақырымында жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. Соққыдан Renault Duster көлігі жол жиегінде тұрған басқа КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Ақтөбе облысының ПД

Оқиға салдарынан Renault Duster көлігінің жүргізушісінің 41 жастағы әйелі мен үш жасар қызы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Отағасының өзі 2005 жылы туған кәмелетке толмаған ұлымен жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу».

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз