25 мамырда елімізде күн райы қандай болады

Сурет: unsplash
Синоптиктер 25 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен шаңды дауыл күтіледі, республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, екпінді жел соғады. Антициклон әсерінен солтүстікте, шығыста, оңтүстікте, республика орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. «Қазгидромет» РМК

Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, күндіз солтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, батыста және шығыста жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында айзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында күн күркірейді, желдің күші 15-18 м/с болады.

Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде шығыста найзағай ойнайды.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнайды, найзағай ойнағанда – жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз солтүстікте, Ақмоланың батысында, Солтүстік Қазақстан, Түркістанның таулы аймақтарында, түнде Қарағандының оңтүстік-шығысында, түнде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында желдің күші 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. «Қазгидромет» РМК
Алматы
Нұр-Сұлтан
Атырау
Қарағанды
Қостанай
Өскемен
Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды