Оқыс оқиға кезіндегі Шымкент тұрғынының әрекеті көпшілікті тәнті етті

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте құлаған шатыр астында қалған туды алып шыққан азаматтардың әрекеті әлеуметтік желіде тез тарап, әлі қызу талқынып жатыр. Бұл жағдай футболдан Қазақстан Премьер лигасы аясындағы Ордабасы-Ақсу командаларының кездесуі кезінде орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2022 жылдың 21 мамырында орын алды. Стадионда шатырдың құлауы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда сол сәтте стадионға жиылған көпшілік "шатыр астында адам қалып қоймады ма" деген оймен қирандыны арши бастаған. Сол сәтте  мемлекеттік рәмізді байқаған азаматтар, шатыр астына кіріп, оны алып шығуға әрекет еткен. Көк байрағымыздың аяқ астында қалмауына үлес қосқан азаматтың бірі - Әбілқайыр Дәулетов, деп хабарлайды Astana.tv.

Оқи отырыңыз: Шымкентте футбол ойыны кезінде стадионның шатыры жапырылып түсті (видео)

Әбілқайыр басында шатыр астында қалып кетуден үрейленгенімен, туымыздың жерде жатқанына шыдамағанын айтады.

Жанымыздағы жігіттерді желі арқылы енді танып отырмыз. Ол жерде үш-төрт жігіт болдық. Видео тарап кетеді деп ойламадық. Туымыз биікте желбіреп тұрсын деген мақсат болды. Тапталмасын, биікте көтеріліп тұрсын деген мақсатта алып шықтық. Мұны ешқашан батырлық деп санамаймыз. Ол жерде кез-келген азамат солай істейді деп ойлаймыз.   Шымкент қаласының тұрғыны Әбілқайыр Дәулетов
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев