Шымкентте футбол ойыны кезінде стадионның шатыры жапырылып түсті
Сурет: Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Шымкентте "Ордабасы" - "Ақсу" матчы өтіп жатқан кезде Қажымұқан атындағы орталық стадионның негізгі ғимаратының шатыры опырылып құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 2022 жылдың 21 мамырында орын алды.
Орын алған жайсыз оқиғаны куәгерлер видеоға түсірген.
Опырылған шатыр "Ақсу" командасының қақпасына келіп түскен. Шатырдың астында ballboy-лар (доп беретін бала) болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды, бірақ кейінірек бұл ақпарат расталмады.
Бүлінген шатырдың алдын ала көлемі - 400 шаршы метр (жалпы ауданы 900 шаршы метр). Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жел ұшырып, құлатқан шатыр бөлшектерін жинастыру жұмыстарын жүргізді. Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Матч тоқтатылып, кейінге қалдырылды. Негізінен, ойын барысында "Ордабасы" командасы 1:0 есебімен алда келе жатқан еді.
Шымкент қалалық полициясы орталық стадиондағы шатырдың құлауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Оқыс оқиға туралы хабарлама әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің "102" шұғыл байланыс желісіне келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды.
Шатырдың құлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабы, яғни "Сапасыз құрылыс" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript