СҚО-да ауыл мектебінің шатыры опырылып түсті

Солтүстік Қазақстан облысы, мектеп, Тоқушы ауылы, шатыр, апатты жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 09:55 Сурет: pixabay
Тоқушы ауылындағы мектептің акт залының шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мектепте оқушылар да, мұғалімдер де болғанымен, ешкім зардап шеккен жоқ. Апатты жағдай кезінде акт залы бос болған, деп мәлімдеді КТК.

Оқиға кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Мектепте 300-ге жуық оқушы білім алады. Сол күні акт залында сабақ болғанымен, төбе балалар шығып кеткенде құлаған.

Мектеп салынғанына 60 жылға таяп қалған. Әкімшіліктегілер ғимарат ескі болса да, қауіп тудырмады деп отыр.Оқу жылының басында шатыр жөнделген. Ал күрделі жөндеу мамырға жоспарланған.

Бұған дейін кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді, өйткені көп жылдан бері төбеден су өтетін. Жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. ​​Аққайың аудандық білім бөлімінің басшысы Рүстем Исин

Апаттың себебін арнайы комиссия анықтап жатыр. Сарапшылар тексерісті бастап кетті. Облыс прокуроры жағдайды бақылауға алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: