Турнир кезінде «Астана Арена» стадионында шатыр опырылып түсті

шатыр құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2022 11:43 Сурет: видеодан скриншот
Елордадағы стадионда футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Астана» - «Шахтер» матчы кезінде көрермендер отыратын орындарға шатыр элементтері құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Vesti.kz хабарлағандай, оқиға екінші таймда болған.

Шатырдың бір бөлігі N2 сектордың үстіне құлады. Адамдарға ешқандай зиян тиген жоқ. Қауіпсіздік қызметі барлық жанкүйерлерді, атап айтқанда, Астананың белсенді жанкүйерлерін сектордан шығарды.

«Астана Арена» – Қазақстанда тәуелсіздік алғалы салынған екі стадионның бірі. Құрылыстың құны шамамен 200 миллион долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: