Петропавлда көпқабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Медведев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2024 17:20 Сурет: instagram/serik__mukhamediev
Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімі Серік Мұхамедиев өзінің Instagram парақшасында бұл үйдің төбесі ешқашан жөнделмегенін айтты.

"Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр". Серік Мұхамедиев
Петропавл, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2024 17:20

Сурет: instagram.com/serik__mukhamediev

Әкімнің айтуынша, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-жылдары салынған.

"Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмепті, үйдің жай-күйіне меншік иелері тарапынан тиісті назар аударылмаған".Серік Мұхамедиев

Төтенше жағдайға байланысты әкім қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерге шатырларды қар мен мұздан тазартуды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: