Кентауда жеті тұрғынды алдап, сан соқтырған әйел құрықталды

Сурет: Zakon.kz
Кентау қалалық полиция бөліміне жеті бірдей тұрғын арызданды. Олардың айтуынша, таныс әйел кәсіпкерлікті қолдауға мемлекеттен берілетін қайтарымсыз ақша алып беремін деп уәде берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Содан әр жәбірленушіден қомақты ақша алған. Алайда берген уәдесін орындамай, созып жүрген. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі – 935 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Кентау қалалық полиция бөлімі қызметкерлерінің шұғыл іздестіру шарасының нәтижесінде, күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Ол жәбірленушілермен алыс танысы арқылы танысқан.

Күдіктінің мұндай қадамға қаржылай қажеттілік туындаған соң барғаны белгілі болды. Күдікті жәбірленушілерден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген.

Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы