Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарады

Сурет: pixabay
Маймыл шешегі ауруы 16 елге тарап, Еуропада вирусты ең көп жұқтырғандар Ұлыбританияда тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Англияда індетке шалдыққандардың жалпы саны елу жетіге жетті. Лондонның Челси ауданында орналасқан клиниканың онға жуық қызметкері науқаспен байланыста болғандықтан шұғыл оқшауландырылды. Жалпы Испания, Португалия, АҚШ және Австралияда вирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Тізімде Шотландия мен Дания да бар. Жалпы әлемде инфекцияның жүзге жуық жағдайы тіркелген.

Маймыл шешегінің негізгі белгісі теріде бөртпе пайда болады, қызу көтеріліп, әлсіздік сезіледі. Егер бойыңыздан инфекцияның қандай да бір белгілері байқалса, шұғыл дәрігерге жүгіну керек. Розамунд Льюис, ДДСҰ шешекпен күрес ұйымының бөлім басшысы

Мамандар қоғамдық орындарда ауру тез жұғады дейді. Яғни науқас адам жөтеліп немесе түшкірген жерде, ол пайдаланған затты қолданған жағдайда маймыл шешегін жұқтыру ықтималдығы өте жоғары.

Дәрігерлер вирус туралы ақпарат әзірге аз болғандықтан мейлінше сақтанып жүруге шақырады. Еуропада жағдай бақылауда және соншалықты қауіпті емес. Мамандар қарапайым шешекке қарсы вакцина қорын молайту қажеттігін айтады, себебі ол маймыл шешегіне де қарсы тұра алады дейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды