Шымкентте тұрғындарды 100 млн теңгеге сан соқтырған алаяқтар ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте алдын ала сөз байласқан адамдар тобы тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз грант ақша, төмен пайызбен несие алып береміз деп сендірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша алаяқтық жолмен бірнеше рет ірі мөлшерде және аса ірі мөлшерде ақшаларын заңсыз иемденіп отырған.

Нақтырағы, Шымкент қаласы Полиция департаментіне 30 шақты адам алданғаны бойынша арызданған.

Яғни, әр бағыттағы қызметке азаматтар 100 мың теңге мен 750 мың теңге аралығында ақы бергені туралы жазып көрсеткен. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 100 млн теңгені құрайды. Барлық жайттың мазмұны біртектес болғандықтан тәртіп сақшылары жан-жақты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Жедел-тергеу тобы куәлерден жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтардың жүруі мүмкін жерлер жіті қаралады.

Нәтижесінде, алаяқтықты кәсіп еткен алты адамнан құрылған топ анықталды. Оларға қатысты ҚР ҚҚ-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда төрт азаматша ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған. Ал бір азаматша Нұр-Сұлтан қаласының сотымен үш жыл алты айға сотты болып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде.

Тағы бір айып тағылған күдікті Әл-Фараби аудандық сотынан бой тасалауына байланысты мемлекетаралық іздеуге жарияланған. Полицейлер алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың саны бұдан көп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармайды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты