Нұр-Сұлтанда арнайы операция өтті - есірткі сатушы ұсталды

Сурет: polisia.kz
Нұр-Сұлтанда арнайы операция өтіп, нәтижесінде қалада аса ірі көлемде есірткі сататын арна жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі заттарды жедел сатып алу барысында 40 жастағы елорда тұрғыны ұсталып, жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 1 келіге жуық гашиш тәркіленді.

Ағаш шеберханасының қосымшасынан іздеу иттерінің көмегімен үйді тінту барысында сатуға дайындалған гашиш есірткі заты салынған екі полимер қап табылды. Нәтижесінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 14 келі болды.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта осы баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес күдікті ҚР ҚК-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елордада есірткі жеткізу және сатумен айналысқан басқа да күдіктілер анықталып жатыр. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады