Алматылықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы Қарағайлы саябағында 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке гүл қойылды. Тарихқа сүйенсек, 1931-1933 жылдар аралығында ашаршылықтан 1,7 миллионға жуық адам қайтыс болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саябақтағы 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш-мемориал 2016 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған.

Сурет: Zakon.kz

Эскиз жобасының авторлары: Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Қанат Бегулиев.

Сурет: Zakon.kz

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш «Ана» деп аталады. Ескерткіш аштықтан қажыған баланы кеудесіне қысып алған ана бейнесінде жасалған.

Сурет: Zakon.kz

Алматыдағы гүл қою рәсіміне Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты. Сонымен қатар іс-шараға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының туыстары мен жақындары, мәдениет қайраткерлері, қоғам өкілдері қатысты. Нөсер жаңбырға қарамастан, еске алу күні рәсіміне қаланың 100-ден астам тұрғыны жиналды. Олар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл қойды.

Сурет: Zakon.kz

Еске алу шарасы барысында жазушы Смағұл Елубай, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Хангелді Әбжанов, кинорежиссер Геннадий Земель сөз сөйледі. Еске алу шарасына қатысушылар қайғылы оқиғаларды есте сақтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмысты жалғастыру қажет екенін айтты.

Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылы бекітілді.

1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша 3 миллионнан астам адам, оның ішінде 1931-1933 жылдар аралығында 1,7 миллионға жуық адам қайтыс болды.

1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық қуғын-сүргін құрбаны болды.

Сурет: Zakon.kz

Бүгін Алматыда естелік іс-шаралар, соның ішінде «дөңгелек үстелдер» форматындағы конференциялар, тарихи-ағартушылық дәрістер, театрландырылған қойылымдар, кітапханаларда фото және кітап көрмелері, жастардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулері және тағы басқа жиындар өтіп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз