Ұлыбританияда азық-түлік бірнеше есеге қымбаттады

Ұлыбританияда азық-түлік өнімдері жаппай қымбаттап жатыр. Бірнеше ай қатарынан бағаның өсуі әсіресе аз қамтылған отбасыларға қиын соғуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кедейшілікпен күрес компаниясындағылар қымбатшылық бұлай кете берсе, елде кедейлердің саны артады деп дабыл қағуда. Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова бізбен байланысқа шығуға дайын, деп жазады qazaqstan.tv.

Ұлыбританияда нан, макарон, күріш сияқты бірінші қажеттіліктегі тағам түрлерінің құны шарықтап кетті. Ұлттық статистика басқармасының мәліметінше, ең қолжетімді деген азық-түлік өнімдерінің бағасы басқа тауарлармен бірдей қарқынмен өсуде. Мысалы макарон өнімдері 50, нан 16 пайызға қымбаттаған. Осылайша табысы аз отбасылардың бюджетінің көп бөлігі қазір тамаққа ғана жұмсалып жатыр. Кедейшілікпен күрес белсенділері жағдай алаңдатарлық деп дабыл қағуда.

Дағдарыс алқымнан қысып барады. Халық өзін, балаларын және отбасы мүшелерін асырай алмай қиналуда. Әлемнің ең бай экономикаларының бірінде мұндай жағдайдың қалыптасуы масқара. Джек Монро, кедейшілікпен күрес белсендісі

Үкіметтегілер жағдайды шешу үшін 21 млрд стерлинг фунты көлемінде қаражат бөліп отыр. Аз қамтылған 8 миллионға жуық отбасы 400 фунт көлемінде көмек алып, газ бен электр энергиясының шығынын жаба алады. Бұл қаражат мұнай-газ компанияларының үстеме пайдасына салық енгізу есебінен өндіріліп отыр. Бірақ үкіметтің бұл көмегі мардымсыз және кеш. Біржолғы төлемдер электр энергиясы шығындарының жартысына жуығын ғана жауып, азық-түлікке мүлдем қалмайын деп тұр, дейді сарапшылар.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: