Мамыр айында Қазақстанда инфляция 14%-ға өсті

2022 жылғы мамырда инфляция жылдық есептеуде 14% болды, азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы мамырмен салыстырғанда 19%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 11,9%-ға, ақылы қызметтерге 9,1%-ға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросы таратқан мәлімет бойынша, азық-түлік нарығында бағаның айтарлықтай өсуі жылдық мәнде құмшекерге – 60,5%, жаңа піскен көкөністерге – 31,5%, ұнға – 29,9% өсті. Жұмыртқа бағасы 8,1% төмендеді.

Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Біз жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісін бақылаймыз. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі.Ұлттық бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Сонымен, қышқыл сүт өнімдері – 20%-ға, күнбағыс майы – 19,4%-ға, кондитерлік өнімдер – 18,8%-ға, құс еті – 28,5%-ға, пастерленген сүт – 18%-ға, жарма – 27,1%-ға, жылқы етінің бағасы – 16,8%-ға , картоп – 26,2%, қой еті – 16,5%, макарон өнімдері – 25,9%, минералды және ауыз су – 19,8%, жаңа піскен жемістер – 24,6%, темекі өнімдері – 17,8%, қатты ірімшік – 23,8%-ға, нан және ұн өнімдері – 21,5%-ға, алкогольдік сусындар – 13,5%-ға, кептірілген жемістер мен жаңғақтар – 21,1%-ға қымбаттады.

 Бюроның баға статистикасы департаментінің директорының айтуынша, 2022 жылғы мамырда (2021 жылғы мамырға) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 11,9% болды.

Баға деңгейі тұрмыс құралдарына – 20,2%, жеке қолданылатын тауарларға – 19,5%, жуу және тазалау заттарына – 17,5%, құрылыс материалдарына – 17,2%, автомобильдерге– 16,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 13,3%, тоқыма бұйымдарына – 9,4%, фармацевтикалық өнімдерге 8,7% өсті.

Бір жылда (былтырғы және биылғы мамырға) ақылы қызметтер бағасы 9,1% өсті. Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 14,5%, санаторий қызметтеріне – 14,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 11,6%, қонақ үй қызметтеріне 6% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 4,9% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына – 8,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 3,2%, қоқыс шығаруға – 2%, суды бұруға 0,6% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3% және ыстық суға 1,1% төмендеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: