Қытайда қуаты 6,1 балдық зілзаладан 4 адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Қытайдың Сычуан провинциясында қуаты 6,1 балдық зілзаладан 4 адам қаза тапты. 40-тан астамы жараланған. Әсіресе Яань қаласы қатты зардап шегіп, бірнеше үй қирап қалды. Дүмпудің эпицентрі 17 шақырым тереңдікте анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар, өрт сөндіру, медицина, байланыс және басқа да қызметтер апаттың зардабын жоюға шұғыл аттанған, деп жазады qazaqstan.tv.

«CCTV» телекомпаниясының хабарлауынша, олар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, жол жөндеуге, электр және байланыс желілерін ретке келтіруге көмектесіп жатыр. Зардап шеккен адамдар үшін 700-ден астам шатыр тігілген.

Қытайда соңғы рет 2008 жылы алапат жер сілкінісі болған еді. Сол кезде Сычуанда магнитудасы 7,9 балдық жер дүмпуі 90 мыңға жуық адамның өмірін қиған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады